Басып шығару

«Армысың Әз Наурыз!»

      2017 жылы наурыз айының 18-і күні «Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетінде, «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық мерекемізге орай ұйымдастырылған «Армысың Әз Наурыз» атты үлкен мерекелік іс-шара болып өтті.  

 

       Мерекеге орай ұйымдастырылған бұл шара факультетіміздің деканы Орынтаев Жамбыл Қылуетұлының тікелей қадағалауымен ұйымдастырылды.Үлкен дастарқан жайылып ұлттық тағамдарымыз-Наурыз көже, қымыз,қымыран таратылып, ұлттық ойындарымыз қазақша күрес, арқан тару ойындары ойналды. Университетіміздің студент жастарынан құралған өнерпаздар әдемі мерекелік қойылымдар қойып, ән мен биден шашу шашты.

 


powered by social2s