Басып шығару

Шетелдік заңгер ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2022 жылдың 23 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен «Құқық​ шығармашылық пен құқық қолдану қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында​ Ресей, Кипр, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің заңгер-ғалымдарының қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде ​ Ресейдің Красноярск қаласынан ​ Сібір федералды университетінің "Конституциялық, әкімшілік және муниципалдық құқық" кафедрасының профессоры, з.ғ. д. Безруков Андрей Викторович, Рязань қаласынан ​ Ресей Федералдық жазаларды орындау қызметі Академиясының "Қылмыстық-атқару құқығы" кафедрасының профессоры, з.ғ. д. Кашуба Юрий Анатольевич, Барнаул қаласынан Алтай мемлекеттік университетінің «Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» ​ кафедрасының доценті, з.ғ. к. Дудко Нина Алексеевна, Никосия қаласынан Кипр Халықаралық университетінің профессоры, з. ғ.д. Өмер Өзкан, Өзбекстан елінен Ташкент мемлекеттік заң университетінің "Еңбек құқығы" кафедрасының аға оқытушысы Юсупов Нодирбек Абдужалилович, сондай-ақ​ "ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY" профессоры, з.ғ.д. Матаева Майгүл Хафизқызы, университетіміздің "Мемлекеттік-құқықтық пәндер" кафедрасының доценті, з.ғ.к. Нұртазин Еркінбек Қадырбекович құқық саласындағы заманауи өзекті мәселелер бойынша баяндамаларын баяндады. Ғалымдар құқықтың түрлі салаларындағы заңнамаларға салыстырмалы талдау жасап, ұсыныстарымен бөлісті. Қатысушылар жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды тіледі.

powered by social2s