Басып шығару

Факультетаралық спартакиадасы ұйымдастырылып өткізілді

2023 жылдың 9-20 қаңтар күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жыл сайын өтетін дәстүрлі факультетаралық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Рухани жаңғыру мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы спартакиадасы ұйымдастырылып өткізілді. Спартакиаданың жабылу салтанаты 20 қаңтар күні 12:00 де "Буревестник" спорт кешенінде өтті. Жарысқа 13 факультеттің оқытушы-профессорларымен қатар бөлім қызметкерлері және әскери кафедра, колледж, қауіпсіздік қызметі, әкімшілік шаруашылық қызметі депортаменті қатысты. Спорт түрлері: кіші футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі, қол күресі, кір тасын көтеру және арқан тарту бойынша командалар сайысқа түсті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты, достықты нығайту және спорт түрлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.

powered by social2s