Басып шығару

Кітап— білім бұлағы, Білім — өнер шырағы.

2023 жылдың 5 сәуір күні Заң Факультетінің «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының профессор-оқытушылары мен университеттің ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлерімен біріге отырып, заң факультеттің 1 курс студенттерімен, тергеу органдарының кәсіптік мейрамына орай, «Болашақ заңгерлерді мамандықтарына байланысты көркем және арнайы әдебиеттерісен таныстыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында студенттер болашақ мамандықтарына байланысты көркем және арнайы әдебиеттерімен, олардың қысқаша мазмұнымен таныстырылды. Студенттерге, сөз қорларын тек кітаптар оқу арқылы дамытуға болатыны ескертілді. Семинардың соңында студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді. Университеттің ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері студенттерге кітапхана қорында барлық заң саласына қатысты әдебиеттердің көрмесін ұсынды.

powered by social2s