Басып шығару

Мақтаарал ауданында «Ашық есік күні».

20 сәуір күні Түркістан облысы Мақтарал ауданында №10 Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде, аймақтың бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультеті және Кәсіптік бағдар беру орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен "Ашық есік"күні өтті. Шараның негізгі бағыттарының бірі – Әуезов университеті ғалымдарының және оқытушы профессор құрамының ғылыми жетістіктері мен білікті маман даярлаудағы ерен еңбектерін дәріптеу. Түлектерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетінің жетістіктерімен, мүмкіншіліктерімен және білім бағдармаларымен таныстыра отырып, университетімізге оқуға түсуге ниет білдірген оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Ашық есік күні оқушыларға арналған концерттік бағдарламамен аяқталды.

powered by social2s