Басып шығару

2023-2024 оқу жылындағы дәстүрлі спартакиада

08.01.-19.01.2024ж. аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Денсаулық» және 80 жылдық мерей тойына арналған оқытушы-профессорлар және қызметкерлер арасындағы 2023-2024 оқу жылындағы дәстүрлі Спартакиада өтті. Спартакиаданың басты мақсаты Салауатты өмір салтын насихаттау, Адам өміріне қатерлі әрекеттерге қарсылық, ОПҚ ның спортқа қызығушылығын арттыру. Спартакиадада, атап айтсақ: волейбол (ерлер), мини футбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір спорты, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту секілді спорт түрлерінен университеттің Спартакиаданы ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес өте тартымды жарыс өткізілді. Осы Спартакиадада «Заң» факультетінің оқытушы-профессор және қызметкерлер құрамы III -ші орынды иеленді. Факультетімізді III-ші орынға жетелеген оқытушы профессор құрамына алғысымызды білдіреміз!

powered by social2s