Басып шығару

«Жастар ғылымының даму векторлары»

5 сәуір 2024 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жастар ғылымының даму векторлары» тақырыбында халықаралық қатынастар секциясы бойынша XXVII республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттер қатысты. Бұл конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады. Конференция барысында қазіргі кездегі өзекті мәселелер талқыланып, студенттердің танымдық жұмыстары бағаланып, көптеген қызықты баяндамалар іріктеп алынды. Жүлделі орын иегерлері де бар.

powered by social2s