Басып шығару

Біздің студенттер үздік атанды!

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауда «Заң» факультетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының ЮМ-22-3к1 тобының студенті Ерсінбек Айдана «Қазақстанның үздік студенті» номинациясын жеңіп алды. Сонымен бірге, ЮМ-22-3к1 тобының студенті Әлімбай Азамат және ЮМ-23-3к2 тобының студенттері, Сағиндикова Алима және Тулебек Айша «Түркі халықтарының үздік студенті» номинациясында үздік атанды.

powered by social2s