Басып шығару

Криминалистиканың білімдарлары

29 наурыз 2016 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Казақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттері Алматы каласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Криминалистиканың білімдарлары» атты конкурсқа қатысып, жүлделі 3 орынды иеленіп қайтты.

«Із кесушілер» тобының құрамында (Давыдов Дмитрий, Гильмутдинова Гулина, Макулбек Нургуль, Тагаева Нұрбике, Рахметова Алия, Гаджиев Гейдар) өздерінің криминалистика саласында терең білімдерін, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін табу, бекіту және зерттеуге қатысты бейіндерін көрсете білді. Топты конкурсқа дайындаған «Қылмыстық процесс және криминалистка» кафедрасының  з.ғ.к., доцент Э.П.Ким., аға оқытушы Б.Ж.Джумадилов және топ жетекшісі ретінде з.ғ.к., доцент Қ.Р.Сарықұловтар белсенді түрде атсалысты.

   

 


powered by social2s