Жаңалықтар
29.06.2016 жылы сағат 15:00 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік униерситетінің бас ғимаратының акт залында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік униерситетінің оқу ісі және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры Байболов Қанат Сейтжанович, факультет деканы Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы, декан орынбасарлары Бекбосынов Ермек Туленович, Джумадилов Бахыт Джорабекович пен топ тәлімгерлері және бітіруші түлектер қатысты. Университет басшылығы түлектерге көптен күткен дипломдарын табыс етіп, болашаққа бастаған қадамдары ақ болып, сәтті сапар тіледі.