Талапкерге

           

Факульет туралы ақпарат

«Заңтану» мамандығы бойынша алғашқы абитуриенттерді 1998 жылы «Педагогика және өнер» факультеті қабылдай бастады. 1998-2001 жылдары арасында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Саипов басқарды. Сонымен бірге бұл бағыттағы мамандарды философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Р. Мусаева басқарған «Философия және құқық» кафедрасы даярлады. Алғашқы түлектер 2002 жылы бітіріп шықты. Университет басшылығының ұйымдастырушылық - кадрлық шараларының арқасында «Заңтану» факультеті 2001 жылдан бері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дербес құрамдас бөлімі ретінде жұмыс атқарып келеді. 2001-2002 оқу жылында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н. Әлібек басқарды. 2002-2005 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Бекзатов басқарды. Осы жылдары деканның орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент И.Е. Ефимова, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі болған, заң ғылымдарының кандидаты Е.К. Нуртазин басшылық жасап, факультет дамуына қомақты үлес қосты. 2005-2006 оқу жылында факультет деканы болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж. Жакипбеков қызмет атқарды. 2006 жылы  факультет атауы «Заңтану және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. 2006-2009 жылдар аралығында факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т. Битемиров атқарды. 2009-2015 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Р. Сарықұлов басқарды. 2015-2020 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Қ. Орынтаев атқарды. 2020 оқу жылынан бастап факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Т. Битемиров атқарып келеді. 2020 жылы  факультеттің «Заңтану және халықаралық қатынастар» деген атауы өзгеріп «Заң» факультеті болып құрылды.

   Факультет құрамында мына кафедралар қызмет көрсетеді:

«Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедра меңгерушісінің з.ғ. кандидаты, доцент Имашев Б.Е.

«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Рахметова Г.Р.

«Мемлекет және құқық теориясы» кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Тлеулов Б.Э.

«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедра меңгерушісі, т.ғ. кандидаты, доцент Мамашарипова Г.А.

«Философия» кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Cпанов М.Ж.

     Факультет  бакалавриат бағдарламасы негізінде «6В042-Құқық» дайындық бағыты бойынша 6В04210-Құқықтану, 6В04211-Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, 6В04212-Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, 6В03110-Халықаралық қатынастар, 6В04220-Халықаралық құқық, 6В04230-Кеден ісі, 6В02210-Философия, 6В03120-Саясаттану мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлайды. Факультет М078-«Құқықтану» мамандығы бойынша «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04215- «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» бейіндік бағыты, 7М04214 - «Қылмыстық процесс және криминалистика» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04213 - «Қылмыстық процесс және криминалистика»  бейіндік бағыты, 7М04217- «Қылмыстық құқық және криминология» ғылыми-педагогикалық бағыты, 7М04218- «Қылмыстық құқық және криминология» бейіндік бағыты, 7М03120-Саясаттану  мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды оқытады. Факультет оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында өзінің қызметінде жаңа басымдықтарына және қағидаларына сүйене отырып, күнделікті тексерілген әдістемелік нұсқаулар тұрғысында жүзеге асырады. Факультетте оқу-әдістемелік бөлімшелері күшейтіліп, кредиттік білім беру жүйесі және сапа менеджмент жүйесі ендірілген. Факультеттің материалдық базасы айтарлықтай, мақтанышқа тұратын «Сот мәжілісінің залы» атты пәндік қабинетте қылмыстық және азаматтық іс істер бойынша ойын негізінде сот процесстері өтеді. Бұған қоса Шымкент қаласы аудандық соттарының көшпелі, көрнекті сот мәжілістері өткізіледі. Сондай-ақ, факультетте арнайы жабдықталған криминалистика кабинеті жұмыс істейді. Оның жабдықтары тергеу қарауында, тінтуде, алуда және тергеу эксперименттерде қолданылатын арнайы криминалистік құралдарды тәжірибелік түрде пайдалануға студенттерге үлкен мүмкіндіктерді береді. Факультет бітірушілері өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінде, әділет министірлігінде, білім және ғылым министрлігінде, сот және прокуратура органдары, кеден органдары мен басқада құқық қорғау органдарында қызмет етеді. «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітіргендердің негізгі жұмыс орындары болып Қазақстан Республикасының шетелдер ісі министірлігі, облыстар, аудандар, қалалардың ішкі саясат департаменттері, басқа да мемлекеттік және жеке меншік мекемелері мен ұйымдары болып табылады. Факультеттің кейбір бітірушілері өздерінің білімдерін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытай, Батыс Европа, Америка, Канада, Ұлыбритания және басқада мемлекеттерде жалғастыруда. «Құқықтану» мамандығының магистранттары Халықтар достығы Ресей университетінде (Ресей, Москва қ.) ТМД Желілік университеті Консорциумы шегінде «Халықаралық құқық» мамандандырылуы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Өзінің тарихында факультет 2007-2017 жылдар аралығында лецензияға қойылатын талаптарына сәйкестігін дәлелдеп үш мемлекеттік аттестациядан өтті. Қазіргі таңда факультеттің алдында білім беру сапасын көтеру бойынша жаңа міндеттер қойылған. 

Академиялық ұтқырлық 

Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестрді оқып келуге мүмкіндіктері бар. Факультетте Қазақстан Республикасының азаматтары мен қатар Өзбекстан, Түркменстан және Ресей азаматтары білім алуда. Қазіргі таңда "Заң" факультетіндегі білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған стратегиялық жоспарлау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен (Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) жасалған меморандумдар негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге  асырылып отыр. Адами құндылықтар мен академиялық ұтқырлықты дамытуда дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.  (https://www.facebook.com/)

Оқу өндірістік кешендер

Факультет студенттері алдын ала жасалған келісім-шарт негізінде келесі мемлекеттік ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтеді:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
2. Ішкі істер департаменті Оңтүстік Қазақстан облысының Еңбекші қалалық полициясы
3. ОҚО ІІД Абай қалалық полициясы
4. ОҚО ІІД Әл-Фараби қалалық полициясы
5. Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші аудандық соты
6. Оңтүстік Қазақстан облысы Әл-Фараби аудандық соты
7. Оңтүстік Қазақстан облысы Абай аудандық соты
8. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті
9. Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған әкімшілік соты
10. Оңтүстік Қазақстан облысының кеден департаменті
11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
12. Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы
13. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты  
(https://www.facebook.com/)                                                                 

Студенттік өмір

Факультет студенттері әртүрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық конференциялар мен конкурстарға тұрақты түрде қатысып отырады. "Заң" факультетінің студенттері кәсіптік дайындықты ғана емес, қоғамдық қызметпен де белсенді айналысуда. Факультет жастарының комитеті әртүрлі олимпиадаларды, КВН, мерекелер, қызықты тұлғалармен кездесулер өткізіп тұрады. Факультет жанында пікірсайыс дебат клубы және интеллектуальдық-пікірталастық клубтар жұмыс жасайды. Оқу процесінде өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, жастарды бұқаралық-мәдени және спорттық шараларға тарту, салауатты өмір салтын ұстану, оқу-тәрбие шараларын жетілдіруге бағытталған студенттік деканат жұмыс жасайды. Факультетте студенттік пікірсайыстар, түрлі спорттық турнирлер тұрақты түрде өткізіледі. (https://www.facebook.com/)

Факультеттің жетістігі

Ұлттық рейтинг нәтижелері бойынша факультеттің білім беру бағдарламалары жыл сайын жоғары көрсеткіштерге ие. Еліміздің барлық жоғары оқу орындары арасында білім беру бағыты бойынша “білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық агенттік” өткізген “Ұлттық рейтинг -2020” қорытындысы бойынша 6В04210 “Құқықтану” мамандығының “Ұлттық рейтинг – 2022” қорытындысы бойынша 3 орын, 6В04230 “Кеден ісі” 3 орын, 6В02210 ″Философия” 2 орын, 6В03110 “Халықаралық қатынастар” – 3 орын. 2022 жылы 6B04220 — “Халықаралық құқық” мамандығы жоғары оқу орындары арасында арта ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша 3 орынды, 2021 жылы 3 орынды иеленді. (https://www.facebook.com/)

Түлектердің біліктілігі мен қызмет саласы 

Профессор-оқытушылар құрамы

Ғылым докторы, профессорлар

2

Ғылым кандидаты, доценттер

44

PhD Докторлары

3

Магистрлер

78

 

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

8

Магистратура

4

Докторантура

-

 

Білімалушылардың контингенті

Бакалавриаттар

1648

Магистранттар

53

Докторанттар

-

 

Факультеттің мамандықтары: 
Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 2-деңгейде дайындайды: бакалавриат-магистратура.

 

  Қабылдау комиссиясы  

 priem.auezov.edu


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.