Жаңалықтар
19.10.2016ж. күні сағат 14.00–15.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ұйымдастыруымен ОПҚ және барлық курс студенттері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты тақырыбында
Студенттерге адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;
«Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
Дүниетанымдарын кеңейту;
Патриоттық тәрбие қалыптастыру; мақсатында тәрбиелік кездесу іс-шарасы өтті.
Іс шараға арнайы шақырылған қонақтар: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы мен Елеусіз Біржан Шыңғысбекұлы.