Жаңалықтар
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ұйымдастыруымен Церебаральный паралич диагнозымен, эпилепсия, микроцефалия, ақыл-ой кемтарлығы, ЗПРР ауруымен ауыратын Жандарбек Нұрбақ Бахытжанұлының емделуі үшін жәрдем беруге арналған «Мейірімге толы жас жүрек!» атты қайырымдылық жәрмеңке акциясы өтті
03.11.2016ж. күні факультеттің бастамашылығымен «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әр студенті өз еркімен таңғы сағат 08.00-ден бастап өздері үйлерінен әртүрлі тағамдар, блинчиктер, пирожный, торттар, бауырсақ, булочкалар және т.б. пісіріп, алма, жеміс-жидек, көкөністер әкеліп және де кофе-шәй қайнатып факультетіміздің фаесінде жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты, жәрмеңкеден түскен барлық қаражатты қайырымдылық акцияның қорына жинау болып табылды. Жәрмеңкеден сатып алынып отырған әр заттың ақшасы көпшіліктің көзінше қайырымдылық акциясының ЖӘШІГІНЕ салынып отырды. Акциядағы аталған мерзім аралығында қайырымдылық акциясының ЖӘШІГІНЕ жиналған ақша соммасы, кешкі сағат 17.00-де студенттердің қатысуымен ЖӘШІКТЕН алынып, отырғандардың көзінше саналды.
5-теңгелік * 45 дана = 225 теңге;
10-теңгелік * 87 дана = 870 теңге;
20-теңгелік * 63 дана = 1260 теңге;
50-теңгелік * 47 дана = 2350 теңге;
100-теңгелік * 29 дана = 2900 теңге;
200-теңгелік * 27 дана = 5400 теңге;
500-теңгелік * 24 дана = 12000 теңге;
1000-теңгелік * 19 дана = 19000 теңге;
2000-теңгелік * 8 дана = 16000 теңге;
5000-теңгелік * 2 дана = 10000 теңге;
Жалпы жиналған сома: 70,005 теңге.
Жиналған соманың есебін шығару барысында тағы да қосымша қайырымдылық акцияда жиналған сома 70,005 теңгені құрады.
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттерімен ұйымдастырылған акциядағы жиналған қаражатының 70,005 теңгесін Церебаральный паралич диагнозымен, эпилепсия, микроцефалия, ақыл-ой кемтарлығы, ЗПРР ауруымен ауыратын Жандарбек Нұрбақ Бахытжанұлы емделу үшін жәрдем беруге арналып ашылған есеп шотқа Қазақстанның «Халық Банкі» кассасы арқылы салынды.