Жаңалықтар
09.12.2016ж. күні, сағат 11.00–12.30 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының «Конференциялық залында» Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастыруымен өткен «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан» атты тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсенді қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай желтоқсан көтерілісінде опат болған құрбандарды еске алу әрі оларды мақтан тұту болып табылды.
Дөңгелек үстелдің соңында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Айменов Жамбыл Талхаұлы кәсіпкер, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Исабеков Сабит Қалдыгөзұлы мен М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Жолдыбаев Жомарт Тоқмырзаұлына «Алғыс Хат» табыстады.