«Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасындағы студенттік конференциялардан көріністер

   

Жаңа оқу жылының басында кафедраның  СҒЗЖ жауапты Бегім.А алдағы жарты жылдыққа төмендегі тізімде көрсетілгендей ауқымды іс-шаралар жоспарлаған болатын және жоспарланған іс-шаралар түгелдей өте жоғары деңгейде болып өтті.

     «Қазақстанның жаңа жаһандық ахуалын қалыптастырудағы жастардың рөлі мен орны» тақырыбындағы «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті ұйымдастырған жас ғалымдардың облыстық ғылыми-теориялық конференциясы 2016 жылдың  25-қазан айында 156 аудиторияда сағат 11.30 өткізілді.Аталған конференцияға «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасынан 50 оқытушылар құрамы студенттерін қатыстырды.

 

      Сонымен қатар студенттік «Дипломат» ғылыми үйірмесінің  студенттерімен бірге «Невада –Семей» қозғалысыны 25  жылдығына байланысты дөңгелек үстел атты тақырыпта  2016 жылдың 16 –қараша  айында 156 аудитроияда сағат 15.00 өткізілді. Дөңгелек столға қатысушыларға «Невада –Семей» қозғалысының 25  жылдығына байланысты тақырыбымен таныстырып өтті.

Қатысушы оқытушылар мен студенттердің арасында аталмыш тақырып кең талқыланды.

СҒЗЖ аға оқытушы Ж А.Б.Бегім  қатысушыларға «Невада –Семей» қозғалысының  25  жылдығына байланысты дөңгелек столын ашып берді.

   

 

Жалпы дөңгелек столда «Невада-Семей» қозғалысынан зардап еткен халықтың хал-жағдайы,«Невада-Семей» қозғалысының саяси мән-мағынасын кеңінен ашылып,дөңгелек столға қатысушылар пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар студенттік «Дипломат» ғылыми үйірмесінің  студенттерімен бірге «Халықаралық қатынастар: өткені, бүгінгісі және болашағы» тақырыбы бойынша олимпиада өткізілді. 2016 жылдың  29-қараша  айында 156 аудиторияда сағат 14: 00 өткізілді

Жалпы  олимпиаданы өткізу 5 турды қамтыды.

«Заңтану және Халықаралық қатынастар» факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша деканының орынбасары Бекбосынов Е.Т., кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. С.А.Мажинбеков., олимпиадаға қатысушыларға өз ойларын дұрыс жеткізе білу және де жылдам жауап беру керектігін сөзге тиек етті, сонымен қатар студенттерге сәттілік тіледі. 

 


Күнтізбе

Қыркүйек 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.