Жаңалықтар
26.10.2018ж ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен «ҚР Қылмыстық құқығы» пәнінен «Қылмыстық кодекс қылмыстылық пен жазаны айқындайтын құқықтың негізгі көзі» атты облыстық пәндік олимпиада өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ атынан «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті студенттерінен құралған «Төрелік» тобы қатысты. Сайыс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған топтар оқу орталығы басшылығының дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Төрелік» тобы жүлделі 1-ші орынға ие болды.
powered by social2s