Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық өндіріс бойынша республикалық пәндік олимпиада
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 322
20.05.2019жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық өндіріс бойынша республикалық пәндік олимпиада өткізді. Олимпиадаға 12 ЖОО қатысты.
Ғылыми жетекшілердің үйлестіруімен әр команда өз презентациясын ұсынды. Студенттер Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдары мен сараптамалық қауымдастық өкілдері рөлінде сөз сөйледі. Олимпиаданың алғашқы кезеңі ақпан-наурыз айларында өткізілді.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Заңтану және халықаралық қатынастар”факультетінің командасы Конституциялық Кеңесте өткен ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1-ші орынды иеленіп, Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табыс етті. Жекелеген рөлдерде үздік деп танылған төмендегі студенттер арнайы номинацияларға ие болды:
«Конституциялық іс жүргізуде үздік төрағалық етуші» номинациясында – Сапарбек Бексұлтан Қарабайұлы;
«Конституциялық іс жүргізудегі мемлекеттік органның үздік өкілі» номинациясында – Утеғалиева Камила Исағалиқызы.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді. Ғылыми жетекшілері з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы және аға оқытушы, құқық магистрі Дулатова Гүлбақыт Сейсенбекқызына алғыс хаттар берілді.