Жаңалықтар
"Заң" факультеті "Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу" кафедрасының з.ғ.к, доценті Битемиров Қайрат Тұрлыбайұлын "Академик" атағына ие болуымен құттықтаймыз! Қайрат Тұрлыбайұлы, Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер қазақ елінің белгілі де беделді заңгері деңгейіне дейін көтерді. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында жауапты қызметтер атқардыңыз, қатарыңыздың тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі. Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген тілектес әріптестеріңіз үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.
powered by social2s