Жаңалықтар
Инновациялық технологияларды тиімді қолданудың ерекшеліктері
- Бедебаев Т.А.
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 256
15.02.2022 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң факультетінің ұйымдастыруымен «Білім сапасын және білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісінде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарда қатысушылар назарына т.ғ.к., профессор Б.М.Хамитова "Силлабусты құрастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар, сабақтарды өткізу формалары мен әдістері", з.ғ.к., доцент Е.К. Нуртазин "Методика использования активных методов обучения", филос.ғ.к., доцент М.Спанов "Мультимедиялық жинақтарды пайдалану арқылы "Философия" пәнін оқыту" , Заң факультетінің әдістемелік комиссия төрайымы, магистр,аға оқытушы Р.Ж.Тоханова "Применение инновационных технологий в обучении студентов на примере дисциплины " Гражданское процессуальное право Республики Казахстан" тақырыбында баяндамалар жасалды. Семинар қонағы Студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығының басшысы, психологиялық ғылымдар Халықаралық академиясының құрметті мүшесі, психолог, арт-терапевт Г.Т.Айтжанова "ЖОО-да оқытушы мен студенттердің арақатынасын орнатудың жолдары" тақырыбында баяндама жасап, қатысушылармен арт-терапиялық әдіспен қызықты психологиялық ойындар жүргізді. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ақпараттық білім беру орталығының маманы Спатаев И.С. семинар қатысушыларына университеттің ақпараттық білім беру орталығының электронды базаларымен жұмыс жасау тәртібі мен мүмкіндіктерін көрсетті. Семинар соңында қатысушылармен рефлексия жүргізіліп, қорытынды жасалды. Қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстар берілді. Баяндамашылар алғыс хаттармен марапатталды.
powered by social2s