ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - ЗАМАНАУИ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ШАРТЫ
Университетіміздің «Заң» факультеті мен Ташкент мемлекеттік заң университетіні арасындағы халықаралық ынтымақтастық келісім аясында білім беру мен ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзара кәсіби біліктілікті арттыруда тәжірибе алмасу мақсатында 2022 жылдың 24 қараша күні Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік заң университеті, «Қылмыстық процестік құқық» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қызметтік іс-сапармен келді. Делегация құрамы «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Е.В.Мицкаяның «ҚР Қылмыстық құқығы» пәнінен ашық сабағына қатысып, пәнді оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану тәжірибесімен танысты. «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының ұжымы білім алушылар мен делегация құрамымен бірлесе «Қазақстан мен Өзбекстанның қылмыстық процестік заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау» тақырыбында ғылыми-дөңгелек үстел ұйымдастырып, баяндамалар жасап, екі мемлекет қылмыстық заңнамаларына қатысты ортақ өзекті мәселелерді талқылады.

Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.