Жаңалықтар
2023 жылдың 17 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Заң» факультеті «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұмыс берушілер мен бітіруші студенттердің ашық диалогы» атты кездесу өтті. Аталған кездесуге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Басқарма мүшесі әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру» орталығының директоры Қалдыбаев Алмаз Бахытұлы, Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Сарыкулов Курмангалы Рахымбердиевич, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі Рахметова Гулшат Рахметкызы, Заң факультетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Бименов Кайрат Тилеубергенович, Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысының орынбасары Рахметов Азат Талғатұлы, Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының төрағасы Баймуратов Серік Ширяздинович, Шымкент қаласының нотариусы Мусаева Ақмарал Нурдиллаевна, Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтының аға сарапшысы Ким Элина Павловна, Шымкент қаласы өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Ахметов Эркен Эльмуратович, ПОҚ және 4-ші курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында жұмыспен қамту - бұл мамандар даярлаудың сапасы мен жас мамандарға деген сұраныстың маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сондықтан оқу орны өз студенттеріне жоғары сапалы теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысуда маңызды екендігі туралы сөз қозғалды. Бүгінде кафедралар түлектерін қызметке орналастыру, олардың кәсіби дамуы үшін біраз жұмыстар атқарып жатыр. Сондай-ақ адвокаттар мен нотариус, жеке сот орындаушы, сот сарапшының жұмыстары бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
powered by social2s