Жаңалықтар
2023 жылдың 16 ақпан күні «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80-жылдығына орай «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заңгер мамандығым – мақтанышым» атты тақырыпта заңтану мамандығының түлектері мен студенттердің кездесуі» атты іс-шара өтті. Аталған кездесуге Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Сарыкулов К.Р., «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі Рахметова Г.Р., Заң факультеті «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының з.ғ.к., аға оқытушы Нурымбетов А.А., Арыс аудандық сотының төрағасы Умаров С.С., ASAA қоғамдық ұйымының президенті, (президент әкімшілігінің, Ішкі істер министрлігі, ЕҚЫҰ бірлескен жобасы) Саранова Д.Ю., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің тергеушісі Еркін Б.А., Шымкент қаласы Енбекші аудандық сотының бас маманы Тоқсанбай Е.С., Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіның бас маманы Адилбаева А.К., мемлекеттік мекемесінің заңгері Кайгородова А.А., ПОҚ және студенттер қатысты.
Кездесу барысында мамандығын дәл таңдап, өмірден адаспай жолын тапқан жас ел дамуының кепілі екендігі турал сөз қозғалды. Сондықтан қоғам болып жастардың мамандық таңдауына көмек көрсетудің маңызы зор. Қыр –сыры көп осынау заңгер мамандығын таңдап шатаспай сол салада білгір маман болып шыққан азаматтардың ақыл-кеңесін тыңдау факультет студенттеріне өте пайдалы кездесу болды.
powered by social2s