Запастағы полиция генерал-майорының студенттермен кездесуі

24.04.2023 ж. Заң факультетінің 1 курс студенттері з.ғ.к., профессор, запастағы полиция генерал-майоры Кызылов Мирлан Ахмедиевичпен кездесті. Кездесу барысында үлкен күш пен жігерді қажет ететін, денсаулығы мен өміріне қауіп тәукеліне толы, ал ең бастысы - азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ішкі істер органдары туралы сөз қозғалды. Болашақ заңгерлер, оның ішінде полицияда қызмет атқаруға ниет білдіретін студенттерге қажетті негізгі қасиеттер, оның арасында кәсіби білімнің жоғары болуы, өзін-өзі жетілдіруге құштарлық, еңбекқорлық, табандылық, әділдік, өз ісіне адалдық, мамандығына деген сүйіспеншіліктің маңыздылығы туралы айтылды. Білім алушылар белсене қатысып, өз сұрақтарына толық және жан-жақты жауап алды. Генерал-майор М.А.Кызылов құқықтық мемлекетте заңға, яғни, әділеттілікке қызмет етудегі өзінің жауапты және игі миссиясын сезінетін, оны әрқашан адал орындайтын заңгерлер осы кездесуге қатысып отырған студенттер арасынан шығатынына сенімді екендігін ерекше атап өтті.

Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.