Жаңалықтар
17.02.2016ж. күні, сағат 09.00-12.00 аралығында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игі іс» аясында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қан орталығында «Кел студент, Донор бол!» атты акциясын өткізді.
«Кел студент, Донор бол!» атты акциясы барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қан орталығының қызметкерлері қан тапсыруға ниет білдіріп келушілердің біріншіден әрқайсысының жеке куәліктерін, жалпы салмағын, қан қысымын толық тексерді. Қан тапсырар алдында донорларға кофе мен шоколад ұсынылды. Аталған қан тапсыру процессінде әрбір донордан минималды 350 милилитр қан алынды. Бұл процедура аяқталғаннан кейін донорларға Оңтүстік Қазақстан облыстық Қан орталығының қызметкерлері үлкен алғыс білдіріп, әр донорға 500 теңге сыйақы табыстады. Алайда «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ мен белсенді студенттері аталған «Кел студент, Донор бол!» атты акциясының қайырымдылық акция екенін түсіндіріп бұл ақшаны алудан бас тартты.