Жаңалықтар
Германия Федеративтік Республикасының Бас консулының М. Әуезов атындағы ОҚМУ- дегі сапары
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 282
2016 жыл сәуір айының 14-ші жұлдызында Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы доктор Ренате Шимкорайт басшылығымен Қазақстанда жұмыс жасайтын неміс компания өкілдері Шымкен қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне ресми іс сапармен келді.Іс-сапардың мақсаты - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығымен және қызметімен танысу, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-і мен Германия Федеративтік Республикасының ЖОО арасындағы білім білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды. Іс сапар барысында д – р РенатеШимкорайт ректор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлымен кездесіп, «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының ПОҚ мен студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқуға тусуге виза алу, Германияда іске асып жатқан жобалар және Академиялық алмасу DAADбағдарламасымен басқа да оқу бағдарламалары жайында сұрақтар талқыланды.