Кафедра меңгерушісі

     Тлеулов Болатбек Эрнстович

               п.ғ.к., аға оқытушы

 

  

- 1975 - 1979 жылдары - оқыған Жоғары мектепте мамандығы бойынша КСРО ІІМ "Құқықтану", біліктілігі: "Заңгер"

- 1979-1981 жылдары – тергеуші Тергеу бөлімінің ІІБ Шымкент облыстық атқару комитеті;

- 1989 – 1992 жылдары – адъюнкт ВЮЗШ КСРО ІІМ, РФ;

- 1999-2003 жылдары – құқықтық пәндер кафедрасының доценті атындағы ОҚГИ.М.Сапарбаевтың;

- 2003. – қазіргі уақытта - "кафедрасының меңгерушісі мемлекет және құқық Теориясы".

1995 жылғы желтоқсанда кандидаттық диссертация қорғады, тақырыбы: "Нормативтік-құқықтық актілер ішкі істер органдарының Институтында" мемлекет және құқық АН бойынша мамандығы 12.00.01 – теориясы мен мемлекет және құқық тарихы; саяси құқықтық ілімдер тарихы; саяси-құқықтық тарихы.

Мекен-жайы: 486018,  Шымкент каласы, Тауке Хан даңғылы-5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас оқу ғимараты, 167 каб.,«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасы

Телефон: 30-02-51

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

    Жалпы мәліметтер

«Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының 5В011500- «Құқық және экономкика негіздері» мамандығы бойынша бакалавриатты дайындау 2001 оқу жылынан басталды. Оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес білім мамандығы бойынша жүргізілді (МЖМБС ҚР 5.03.001; МЖМБС ҚР 3.08.265-2006). 2010 жылдан бастап бакалаврды дайындау 14.11.2012 жылғы №120190073 мемлекеттік лицензияға сәйкес жүзеге асырылды. Білім беру бағдарламасы 5В011500- «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша барлық нормативті талаптарға сай, ҚР «Білім беру» заңына, ҚР 2015/2019 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР 5.04.019-2011 МЖМБС, «Жоғары білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер», 6.08.071-2011 мамандық МЖМБС-на, ҚРБ ж/е ҒМ 2016 жылғы 5 шілдедегі № 425 бұйрығымен бекітілген, осы мамандықтың типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген.  Кафедра профессор-оқытушыларының басты мақсаты - Қазақстанның құқықтық мемлекет негізінің нығайтуға тек қана білікті маман ретінде өз үлесін қосумен қатар, біліктіт мамандар даярлау болып табылады. Студенттер оқу үрдісі кезінде мемлекет және құқық теориясы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқықтың отандық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, экологиялық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, кеден құқығы, шетелдердің конституциялық құқығы, криминология, прокурорлық қадағалау, құқықтық статистика негіздері, кәсіпкерлік құқық, отбасы құқығы, басқа да құқықтық пәндер, сонымен қатар шет тілі, логика, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және мамандандыру шеңберінде құқықтық білімді жеке сала бойынша тереңдетіп оқудың түрлі курстарын оқып үйренеді.

    Оқытушы-профессорлар құрамы

«Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасында 1 негізгі мамандық бойынша оқытушылар қызмет етеді. Кафедраның оқытушылары ғылыми дәрежеге ие, олардың ішінде заң ғылымының кандидаттары: Нұртазин Е.К., Бейсебаева С.Б.., Оразалиева А.М., Бекмуратов Е.П., Накышов Н.Н., Тлеулов Б.Э. тәжірибелері мен тереңдетілген білімдеріне негізделген дәрістері студенттер үшін өте қызықты. Сонымен қатар, Шалдарбекова М.Б., Жаманқараева Ғ.С., Сәдібекова М.С., Жұманова Қ.Т., Калышев С.Д., Бердибеков С.О.,  Қозыбақова С., Ярылкапова Ш., Тлегенова Ж., Жақсылық М., Кукеев А.К., Биболаева М.Б. сияқты магистрлер мен аға оқытушылар қызмет етеді. Мамандықтарды дайындау мемлекеттік, ресми және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

   Кафедраның бағыты

5В011500- «Құқық және экономика негіздері» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты 2015-2020 жылдарға М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің толық миссиямен, стратегиялық жоспарымен, мақсаты мен міндеттеріне сәйкестендірілген және еңбек нарығында бәсекелестіккежауап беретін, құзіреттіліке ие және сұранысқа, біліктілікке ие бола алатын студенттерді дайындайды. Кафедра миссиясы рухани жағынан бай, әлеуметтік жауапты-педагогикалық ғылымды дамытып қалыптастыру болып табылады (2015ж. 29- тамызда кафедра отырысында бекітілген). Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

- Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;

- Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.

- Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.

- Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.

- Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша кәсіби білікті бітірушілердің деңгейі жергілікті оқу орындарының, колледждердің және халыққа қызмет көрсету орталығына сұранысты толықтырады. Біздің бітірушілер М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да, 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де және А. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасында, сондай-ақ өзге де жоғары оқу орындарындағы магистратурада білімдерін жетілдіруде, әр жылдық оқу көрсеткіштері жоғарғы деңгейде, сонымен қатар, кафедра ағылшын тілі орталығымен ынтымақтасады.

    Ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары

«Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының оқытушы - профессор құрамы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң тақырыптық жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Кафедраның оқытушылары ҚР БҒ саласындағы комитетінің ұсынған журналдарында, нолдік емес импакт-факторлы (Scopus, Thompson Reuters, Elsevier) және РИНЦ журналдарында, сонымен қатар халықаралық конференциялардың жинақтарында мақалалары жарияланып тұрады. Сонымен қатар, кафедраның оқытушылары студенттермен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер факультеттің және университетің ұйымдастырылған конференцияларына белсене қатысады. Аймақтық, қалалық, облыстық конференцияларына да қатысып отырады. Кафедраның оқытушылары мен студенттері Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі қалаларында өтетін республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады. Кафедраның оқытушылары дөңгелек столдар, басқа саладағы қызметкерлер кездесулер ұйымдастырып отырады. «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты тақырыбында ҚҚО қызметкерлерімен факультет деканы Ж.Қ.Орынтаев, Қозыбаев Еңліхан Шарипханович және кафедра оқытушы профессор құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 

Жоғары оқу орындарында пәндік олимпиадалар өткізілу кестесіне сәйкес, Талдықорған қаласы, Жетісу университетінде 2016 жылдың 7-8 сәуірінде жоғары оқу орындары арасында 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша ҮІІІ Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Осы олимпиадаға қатысуы үшін Қуандық  Ақерке-ЮМ-14-2к тобының студенті, Нұртай Балнұр ЮМ-14-2к тобының студенті , Сыдықова Жансая ЮМ-15-2к тобының студенті, Усенбаева Ұлжан ЮМ-15-2к тобының студенті, жетекші Садибекова М.С.  - «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы 5.04.2016-9.04.2016 ж аралығында іс сапарға «Жетісу»  мемлекеттік университетіне іс сапарға барып келдік. 6.04.2016 ж. қонақ  үйге жайғасып,  «Жетісу» мемлекеттік университетімен, олимпиада бағдарламасымен таныстық. 7.04.2016ж сағ 8-30 тіркелу, сағ 9-00 ҮІІІ Республикалық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты,  сағат 10-00 олимпиаданың 1 кезеңі Эссе жазу сынағы, сағ 14-00 де олимпиаданың 2 кезеңі «Ұлт Жоспары – Қазақстанның болашағы» атты жоба жұмысын қорғауға қатыстық. 8.04.2016ж сағ 9-00 де олимпиаданың 3 кезеңі тест сынағы, сағ 16-30 да олимпиаданың жабылу салтанатына қатыстық. Талдықорған қаласы, Жетісу университетінде өткен ҮІІІ Республикалық пәндік олимпиадада 5В011500-«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша 3 орынды иелендік. 

      Студенттердің іс тәжірибесі

5В011500- «Құқық және экономика негіздері»мамандықтары бойынша оқу-танысу, өндірістік және  диплом алдындағы іс-тәжірибелер жоспар бойынша өткізіліп отырады.5В011500- Құқық және экономика негіздері мамандығының студенттері  Педагогикалық диплом алды мектеп-гимназияларында іс тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар аталған орындармен кафедра ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған және үш жақты келісім-шарт жасалынған.

      Бітіруші түлектердің жұмыс істеу аясы

5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша  бітірушілерге  «Құқық және экономика негіздерінің» бакалавры  академиялық дәрежесі беріледі. Осы мамандықтағы бакалавр орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде  және  басқа да  орта арнаулы  оқу орындарында  экономика және құқық негіздерін  оқыта алады,  сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде  (біліктілікті  жоғарылату институттарында, баспаларда ), кеңес беруші  фирмаларда,  оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер, т.с.с.), лауазым  атқара алады.

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.