Жаңалықтар
18.01.2017ж. күні, сағат 14.00–16.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының №340 дәрісханасында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің барлық бітіруші курс студенттеріне арналған Диплом алды іс-тәжірибесінің конференциясы өтті.
Диплом алды іс-тәжірибесінің конференциясы аяқталған соң, студенттердің әрқайсысының іс-тәжірибе жетекшісі өз студенттерін кафедра бойынша бөліп әкетіп әрмен қарай іс-тәжірибеге қатысты қауіпсіздік нұсқауларын беру жұмыстарын жалғастырды.
Аталған конференцияның негізгі мақсаты: Жетекшілердің студенттерге іс-тәжірибеден өтуге байланысты негізгі бағыт-бағдарларды беру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болып табылды.