Жаңалықтар
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа Жолдауын талқылау іс-шарасы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 201
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының «Акт залында» "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 31.01.2017ж. күні шыққан «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа Жолдауын талқылау іс-шарасына белсенді қатысты.
Аталған тәрбиелік іс-шарада сөз алғандар:
1. «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасының т.ғ.к., құқық доценті Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы;
2. «Экономика және қаржы» факультетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Искаков Құрман Қасымжанұлы;
3. "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Габитович;
4. «Экономика және қаржы» факультетінің аға тәлімгері Пазылов Ғалымжан Абдрасилұлы;
5. М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директорының орынбасары Күздеубаев Бекбол.