Жаңалықтар
01.03.2017ж. күні, сағат 10.00–12.00 аралығында М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бірінші проректоры Ж.Т. Айменовтың 24.02.2017ж. күні бекіткен өкіміне сәйкес, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 14 қаңтардағы Жарлығымен жарияланған «1 наурыз Алғыс айту» күніне орай Шымкент қаласының облыстық әкімшілігінің алдындағы «Түркістан» сарайындағы Flashmob-қа қатысты.
Айта кету керек «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ және белсенді студенттері аталған «1 наурыз Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылып өткізілген бұл Flashmob-қа дайындық жұмыстарын 27-28.02.2017ж. күндері М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Буревестник» спорт кешенінде жүргізген болатын.