ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

             

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЖАҒДАЙЫ, ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ «ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ 

 

Елі: Қазақстан Республикасы

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 11 сәуір 2018 ж. сағ:11:00

Ұйымдастырушылар: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті

 

          Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. Заманауи мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
  2. Сыбайлас жемқорлық және қылмыстық заңнаманың өзара байланысы мен тенденциялары;

3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі қылмыстық процесс және криминалистика;

4. Азаматтық заңнама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;

  1.  
  2.  

 

 

            Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.

            Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан)  және электрондық нұсқасы электрондық поштамен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. немесе төмендегі мекен-жайда 2018 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Бас ғимарат, 1 қабат, 140 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Ph.D, Бекбосынов Ермек Туленович – М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ҒЗЖ бойынша деканының орынбасары.

            Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ   (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі,  бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде  кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін болу керек.

         Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

            Қонақ үйді брондау 2018 жылдың 3 сәуірге дейін

 

Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)

 

 МҰХТАР  ӘУЕЗОВТІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (11 пт.)

 

 

Асқарова Г. (11 пт.)

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)

@e.mail

 

Резюме: (10 пт.) 150-250 сөз

 

 

Кілттік сөздер: 7 сөзден кем емес

 

Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт.)

             ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 pt.)

 

Өтініш үлгісі:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3

Мекемесі, лауазымы

 

4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

 

5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)

 

6

Баяндаманың тақырыбы

 

7

Секцияның атауы

 

8.

Керекті техникалық құралдар

 

9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)

 

 

Ұйымдастыру жарнасы: 3500 т.

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-07-79, ұялы телефон: 87022397469, E-mail: ermek_lawer@mail.ru

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.

 

Банк реквизиті:

РГП на праве хозяйственного ведения Южно-Казахстанский государственный университет имени М.Әуезова

Г.Шымкент, проспект Тауке хана, 5

ЮКФ АО «Цеснабанк»

ИИК KZ 81998STB0000109568 тенге

БИК       TSESKZKA

Код        16

БИН      9902440005557


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.