Жаңалықтар
2018 жылдың 18 қазан күні факультетте «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесе өткізген рейтингісінің қорытындысын талдау және оны жетілдіру жолдары» тақырыпта семинар өтті.
Семинарға қатысқандар: стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректор Т.Раимбердиев, рейтинг агенттіліктерімен жұмыс жасау бөлімшесінің жетекшісі Г.Есжанова, оқу процессін ұйымдастыру орталығының жетекшісі Г.Адырбекова, факультеттің кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша құрылған жұмыс тобының мүшелері.
Семинарда рейтинг қорытындысына талдау жасалып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.