Жаңалықтар
19.10.2018ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталды қалыптастырудағы жастардың рөлі мен орны» атты жас ғалымдардың оңтүстік-аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияның пленарлық мәжілісін М.Әуезов атындағы ОҚМУ Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Раймбердиев Талжан Пердешұлы ашып, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы тыңдаушылары, «Мирас» университетінің, АӘИУ, М.Сапарбаев атындағы ОҚПИ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері арасындағы өзекті баяндамалар тыңдалып, пікірталасқа ұласты.
8 ЖОО студенттері қатысқан конференцияда 5 секция жұмыс жасап, конференция еңбектерінің жинағы шығарылды.