Жаңалықтар
15 қазан 2018 жылы «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы біздің университетте жоғары білім алған, құқықтану мамандығын бітіруші – бакалавра және магистранттармен кездесу өткізді.
Кездесу М.Әуезов атындағы ОҚМУ 75-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Кездесу барысында рухани жаңғыру, құқықтық кемшіліктерді болдырмауда, құқықтық сананы дамытуда кәсіби заңгерлердің рөлі мәселелік сұрақтары талқыланды.
Біздің түлектер;
Есенгельдиев Сардар – Түркістан облысы ҰҚКД ерекше маңызды істер бойынша аға тергеуші;
Саранова Данара – президент молодежного общественного объединения «Выпускник ACCESS» г. Шымкента, молодежный посол Казахстана в проекте Швейцарии в ОБСЕ;
Султанбекулы Максат – дипломатиялық өкілдік қорғау бойынша Қазақстан Республикасы ІІД полиция Полкы кадр бөлімінің инспекторы;
Тұрарқызы Тоғжан – Шымкент қаласының Әділет департаментінің бас маманы;
Сейдуллаева Тұрсынай – Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты;
Құдайбергенов Берік Тұрарұлы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты;
«Құқықтану» мамандығының 4-курса студенттерімен өздерінің кәсіби жетістікке жету жолындағы мүмкіндіктер мен карьералық кезеңдер және ҚР құқық қорғау органдарына жұмысқа тұру мәселелері жөнінде әңгімелесті.