Әлемдік саясаттағы - Кипр мәселесі

       12.11.2018 жылы «Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлемдік саясаттағы - Кипр мәселесі» атты тақырыбында ғылыми-семинар өтті. Баяндамашы Түркия мемлекетінің Битлис қаласындағы Битлис –Ерен университетінің профессоры., тарих ғылымдарының PhD Sefa Fuat Hekimoglu.

      Sefa Fuat Hekimoglu: баяндамашы ең алдымен Кипрдың терең тарихи кезеңдеріне тоқталып, слайд арқылы көрсетілді. Ең алдымен Рим, Византияның қарамағында болғанын,содан кейін Венецияның қол астына өткенін баяндады. Содан кейін, 400 жыл Осман империясының отарында болғанын және қызықты тарихи  материалдармен жоғары деңгейде жеткізді. 1878 жылдан Кипр елі Ұлыбританияның басқару жүйесіне өткенін яғни отары болғанын және 1960 жылы Кипр еліне тәуелсіздігін берді, сонымен қатар, 3 әскери базасы сақталынып қалды. Негізінен Кипр елі Жер орта теңізінде орналасқан, сонымен қатар жер асты  қазба байлықтарына бай. 1960 жылдардан бастап Кипр мен Түркия мемлекеттерінің арасында дау – жанжалдар басталды. 1974 жылы тамыз айында  грек әскерилерінің төңкеріс жасаған кейін, түрік әскерлері кірді. Содан кейін, Кипрды екіге бөлді-оңтүстік және солтүстік болып. Солтүстік жағы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы болып табылады. Бірақта, дүние жүзіндегі мемлекеттер бұл мемлекетті әлі де мойындаған жоқ.

  

       Ғылыми семинар, жоғары дәрежеде өтті деген пікірдеміз. Баяндамашы профессор Sefa Fuat Hekimoglu әлемдік саясаттағы ең өзекті тақырыпты жан-жақты саяси аналитикалық талдаулар арқылы көп мәліметтер берілді.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.