"№3 Шымкент балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі іс-шара

        15.02.2019 ж. күні  "№3 Шымкент балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік         мекемесіндегі бүлдіршіндерге қуаныш сйылап,  іс-шараға қатыстық. Іс-шарада   ОҚМУ тәрбие бөлімінің ұжымы балаларға ыстық лебіздері мен ізгі тілектерін      жеткізіп, сый-сыяпаттарды табыс етті. Сонымен қатар, мемлекет өскелең      ұрпақтың озық білім алуы үшін көптеген жағдайлар жасауда, соның ішінде    балалар      құқығының қорғалуы басты міндет екенін атап өтті.          Қонақтарды асыға күткен     бүлдіршіндер де өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеп, түрлі спорттық ойындарды да бірге ойнап, қызықты да көңілді күй кешті.

         Атап өту керек, №3 балалар үйінде жасы 3 пен 11 аралығында жалпы саны 65 балдырған тәрбиеленуде.

  

         Болашаққа басталған   баспалдақтың бағыты - "Жастар жылында"  - "Жетімді шеттетпейік  Шымқала" атты  М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастарының қала халқына Үндеуінде «Жетім» деген сөз қазақ халқына жат,    дегенмен қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеу.

         ОҚМУ жастары, «жетімсіз» қоғамның «нөлдік» төзімділік жағдайын туғызуға, жетімдерді қолдау мәдениетін насихаттауға және жеке құқықтық сауаттылықты арттыра отырып,  адамгершілік тұрғыдан жетімдерді ұдайы түрде қолдауға шақырамыз.

         Іс-шараның мақсаты: «Жетімдер үйі» Қазақстандақтарға тән емес, осы бір елімізге қажетсіз ұғымнан арылайық, жетімдер үйінің көбеюіне жол бермеу, керісінше олардың санын жою,  жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан жастарға білім алуға барынша бірлесе отырып жағдай жасау,  жетімдер үйінен шыққан жастардың қазіргі нарықтық экономика заманында жұмысқа орналысып, белгілі бір кәсіппен айналысуына қол ұшымызды беру,  баласыз, сәби иісін аңсап жүрген қаншама отбасылар бар, жетімдер үйінде осы ата-аналардың мейірімін күтіп отырған қаншама жас буындар бар, соларды асырап алып, бақыт сыйлау, «Жетімдер  үйінде» «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деуге тұрарлық азаматтар көп, соларға бірге қолдау көрсету.

         Жастар жылында – жастарға қолдау көрсету мен қатар жетімдерімізді де жебей жүрейік! Жетімдер үйінде қаншама балалар тәрбиеленуде, ата-ананың, ағайын-бауырдың ешқандай мейірімін көрместен, қоғамнан қалыс қалып жатқан жастарымызда бар. Барлығымыздың отанымыз бір, елімізде дүниеге келген әр бір сәби біздің ұл-қыздарымыз, біздің отандасымыз!


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.