Жаңалықтар
Академиялық адалдық лигасы және М.С. Нәрікбаев ат. КАЗГЮУ университеті, 2024 жылдың 18 қазанында Академиялық адалдық күніне арналған жұмыс байқауын ұйымдастырды. Байқау «Жастар арасындағы академиялық адалдық және оның заманауи білім берудегі рөлін арттыру» тақырыбына арналды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың назарын этика және академиялық адалдық мәселелеріне аудару, сондай-ақ зияткерлік еңбекке жауапкершілік пен құрмет мәдениетін дамыту. Жұмыстарды бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оларды тексеруге АҚШ-тан тәуелсіз сарапшылар тартылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдады. Алғыс грамоталармен: М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң, "Заң" факультеті, "Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық" кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев Ж.Б., ЮМ-21-3а тобының 4-курс студенті Нұрманова Д.; ЮМ-23-3тк тобының 3-курс студенті Амангелді Д. марапатталды.
powered by social2s