«Философия» пәнінен білім алушылар арасында олимпиада

10.12.2024 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің негізінде Заң факультетінің "философия" кафедрасы «Философия» пәнінен факультет аралық білім алушылар арасында олимпиада ұйымдастырылды.
Олимпиадаға 6 команда қатысты: Nomad, Seraphim, Альфа, Алхимик, Әл-Фараби ізбасарлары және Ой кемесі.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын құрамы Есиркепова Гулзипа Киргизбаевна, Елеуп Серік Бейсембаевич, Жиенбекова Айнур Абдрахмановна қазылар алқасы бағалады.
Олимпиада 3 турда өтті. Бірінші турда әр топ өз командасы таныстырды, екінші турда – «ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨРІНІС» - шығармашылық байқау болды, үшінші турда – викторина - сұрақ-жауап байқауы өтті.
Сайыстардың мазмұны студенттердің білімін, теоретикалық және практикалық тұрғыда философиялық мәселелерге деген шығармашылық деңгейлерін айқындауға бағытталған.
Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздарды марапаттауға ұсынды:
І ОРЫН - "Ой кемесі" командасы. Топ жетекшісі: Шалдарбекова Айша Бакташовна
ІІ ОРЫН - "Алхимиктер" командасы. Топ жетекшісі: Мәкімбай Жанар Мұхамедкәрімқызы
ІІІ ОРЫН - "Әл-Фараби ізбасарлары" командасы. Топ жетекшісі: Аманбайқызы Мақпал
Олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушыларға және олардың жетекшілеріне арнайы дипломдар, естелік сыйлықтар, белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар, әділқазыларға және ұйымдастырушы алқалыққа алғыс хаттар табысталды. Олимпиада жүлдегерлері мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз. Оларға жаңа табыстар тілейміз!

Күнтізбе

Наурыз 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.