/>
Факультет деканы
Сарыкулов Курмангалы Рахимбердиевич
Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Мекен жайы: 486018, Шымкент қаласы.
Тәуке Хан даңғылы-5, ОҚУ, бас ғимарат.
Телефон: 8(7252) 21-07-79,
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
Оқу және оқу әдістемелік жөніндегі декан орынбасары
Жақсыбаева Айгуль Есеналиевна
аға оқытушы
Телефон: 8(7252) 21-07-79
8 747 472 70 05
|
|
Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бойынша декан орынбасары
Бименов Қайрат Тілеубергенұлы
аға оқытушы
Телефон: 8(7252) 21-07-79
8 701 794 37 98
|
|
Ғылым және ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары
Абутаева Сапаркуль Базарбайқызы
аға оқытушы
Телефон: 8(7252) 21-07-79
8 700 135 70 86
|
Факультет тарихы
«Заңтану» мамандығы бойынша алғашқы абитуриенттерді 1998 жылы «Педагогика және өнер» факультеті қабылдай бастады. 1998-2001 жылдары арасында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Саипов басқарды.
Сонымен бірге бұл бағыттағы мамандарды философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Р. Мусаева басқарған «Философия және құқық» кафедрасы даярлады. Алғашқы түлектер 2002 жылы бітіріп шықты.
Университет басшылығының ұйымдастырушылық - кадрлық шараларының арқасында «Заңтану» факультеті 2001 жылдан бері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дербес құрамдас бөлімі ретінде жұмыс атқарып келеді. 2001-2002 оқу жылында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н. Әлібек басқарды.
2002-2005 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Бекзатов басқарды. Осы жылдары деканның орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент И.Е. Ефимова, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі болған, заң ғылымдарының кандидаты Е.К. Нуртазин басшылық жасап, факультет дамуына қомақты үлес қосты.
2005-2006 оқу жылында факультет деканы болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж. Жакипбеков қызмет атқарды. 2006 жылы факультет атауы «Заңтану және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді.
2006-2009 жылдар аралығында факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т. Битемиров атқарды.
2009-2015 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Р. Сарықұлов басқарды.
2015-2020 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Қ. Орынтаев атқарды.
2020 -2021 оқу жылының мамыр айына дейін факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Т. Битемиров атқарды.
2021 оқу жылының мамыр айынан бастап факультет деканының қызметін, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Р.Сарықұов атқаруда.
2020 жылы факультеттің «Заңтану және халықаралық қатынастар» деген атауы өзгеріп «Заң» факультеті болып құрылды.
Факультет құрамында мына кафедралар қызмет көрсетеді:
«Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедра меңгерушісінің м.а., аға оқытушы Жарылкапова Г.П..,
«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Елікбай М.Ә.,
«Мемлекет және құқық теориясы» кафедра меңгерушісінің м.а., аға оқытушы Садибекова М.С.,
«Халықаралық қатынастар және кеден ісі» кафедра меңгерушісінің м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Мырзалиева Э.К.,
«Философия және саясаттану» кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жумабеков М.У.
Факультет бакалавриат бағдарламасы негізінде «6В042-Құқық» дайындық бағыты бойынша 6В04210-Құқықтану, 6В04211-Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, 6В04212-Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, 6В03110-Халықаралық қатынастар, 6В04220-Халықаралық құқық, 6В04230-Кеден ісі, 6В02210-Философия, 6В03120-Саясаттану мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлайды.
Факультет М078-«Құқықтану» мамандығы бойынша «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04215- «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» бейіндік бағыты, 7М04214 - «Қылмыстық процесс және криминалистика» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04213 - «Қылмыстық процесс және криминалистика» бейіндік бағыты, 7М04217- «Қылмыстық құқық және криминология» ғылыми-педагогикалық бағыты, 7М04218- «Қылмыстық құқық және криминология» бейіндік бағыты, 7М03120-Саясаттану мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды оқытады.
Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестрді оқып келуге мүмкіндіктері бар.
Факультетте Қазақстан Республикасының азаматтары мен қатар Өзбекстан, Түркменстан және Ресей азаматтары білім алуда.
Факультет оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында өзінің қызметінде жаңа басымдықтарына және қағидаларына сүйене отырып, күнделікті тексерілген әдістемелік нұсқаулар тұрғысында жүзеге асырады. Факультетте оқу-әдістемелік бөлімшелері күшейтіліп, кредиттік білім беру жүйесі және сапа менеджмент жүйесі ендірілген.
Факультеттің материалдық базасы айтарлықтай, мақтанышқа тұратын «Сот мәжілісінің залы» атты пәндік қабинетте қылмыстық және азаматтық іс істер бойынша ойын негізінде сот процесстері өтеді. Бұған қоса Шымкент қаласы аудандық соттарының көшпелі, көрнекті сот мәжілістері өткізіледі. Сондай-ақ, факультетте арнайы жабдықталған криминалистика кабинеті жұмыс істейді. Оның жабдықтары тергеу қарауында, тінтуде, алуда және тергеу эксперименттерде қолданылатын арнайы криминалистік құралдарды тәжірибелік түрде пайдалануға студенттерге үлкен мүмкіндіктерді береді.
Факультет бітірушілері өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінде, әділет министірлігінде, білім және ғылым министрлігінде, сот және прокуратура органдары, кеден органдары мен басқада құқық қорғау органдарында қызмет етеді.
«Халықаралық қатынастар» мамандығын бітіргендердің негізгі жұмыс орындары болып Қазақстан Республикасының шетелдер ісі министірлігі, облыстар, аудандар, қалалардың ішкі саясат департаменттері, басқа да мемлекеттік және жеке меншік мекемелері мен ұйымдары болып табылады. Факультеттің кейбір бітірушілері өздерінің білімдерін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытай, Батыс Европа, Америка, Канада, Ұлыбритания және басқада мемлекеттерде жалғастыруда.
«Құқықтану» мамандығының магистранттары Халықтар достығы Ресей университетінде (Ресей, Москва қ.) ТМД Желілік университеті Консорциумы шегінде «Халықаралық құқық» мамандандырылуы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.
Өзінің тарихында факультет 2007-2017 жылдар аралығында лецензияға қойылатын талаптарына сәйкестігін дәлелдеп үш мемлекеттік аттестациядан өтті. Қазіргі таңда факультеттің алдында білім беру сапасын көтеру бойынша жаңа міндеттер қойылған.
Миссия
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «...осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.
Осы орайда «Заң» факультеті өз тарапынан еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптарға сай мамандарды дайындауда және әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда.
Факультеттің мақсаттары:
- жоғары кәсіби білім беруде сапалы және тұрақты дамуға қол жеткізу;
- факультет қызметін еңбек нарығында жоғары және кәсіби қажетті мамандар даярлаудағы алдыңғы қатарлы рөлін бекітуге және сақтауға бағыттау;
- шетелдік ғылыми және оқу орталықтарымен қарым-қатынасты дамыту және қолдау;
- ғылыми зерттеулер және оқытудың әдістерін жетілдіру жолымен негізгі білім қорының тұрақты дамуы және сақталуы;
- оқу-тәрбие процесінде ғылым және білім беру саласының жалпы адами және ұлттық құндылықтарына сүйену;
Бағдарламалар
Қазіргі таңда факультетте дүниежүзінде қалыптасқан көп денгейлі білім беру жүйесіне өту жүзеге асырылып отыр.
«Құқықтану» баклавриаты бойынша білім беру бағдарламасы заң саласы бойынша пәндерді тереңдетіп оқуға, негізгі құқықтық түсініктерді меңгеруге, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар заңдылығын түсінуге, құқықтық ілім тарихын меңгеруге, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару негіздерін меңгеруге, азаматтық және қылмыстық, азаматтық-іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу бойынша негізгі түсініктер мен санаттарды игеруге, заңтанудың түрлі салаларындағы құқық қолдану қызметінің дағдыларын мен шеберліктерін игеруге негізделген.
Факультет бакалавриат бағдарламасы негізінде «6В042-Құқық» дайындық бағыты бойынша 6В04210-Құқықтану, 6В04211-Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, 6В04212-Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, 6В03110-Халықаралық қатынастар, 6В04220-Халықаралық құқық, 6В04230-Кеден ісі, 6В02210-Философия, 6В03120-Саясаттану мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлайды.
Факультет М078-«Құқықтану» мамандығы бойынша «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04215- «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» бейіндік бағыты, 7М04214 - «Қылмыстық процесс және криминалистика» ғылыми-педагогикалық бағыты және 7М04213 - «Қылмыстық процесс және криминалистика» бейіндік бағыты, 7М04217- «Қылмыстық құқық және криминология» ғылыми-педагогикалық бағыты, 7М04218- «Қылмыстық құқық және криминология» бейіндік бағыты, 7М03120-Саясаттану мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды оқытады.
«Халықаралық қатынастар» бакалавриатының оқу бағдарламасы төмендегідей мақсаттарды көздейді:
- Студенттерде әлемдік тәртіптің даму механизмдері туралы негізгі түсініктерге және халықаралық институционалдық құрылымдар қызметінің тәжірибесіне негізделген, халықаралық қатынастар тарихы және халықаралық қатынастар теориясы бойынша жүйелі білім қалыптастыру;
- студенттердің белгілі бір теориялық білімді иемденуін, оны тәжірибеде қолдана білуін, әлемдік аренадағы процестерді талдай алуын, оларға баға бере алуы және болжай алуын жетілдіру;
- қазіргі кезеңнің ғаламдық мәселелерінің талдауын, саяси жағдайларды болжап және үйлестіре алатын, теориялық және қолданбалы зерттеулер дағдысын игерген халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайына бейімделуге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.
Халықаралық қатынастар бакалаврының кәсіптік қызмет объектілері болып әлемдік экономика, мемлекеттің тарихы, әлемдік қауымдастықтың ішкі жүйесі, халықаралық қатынастар, халықаралық ұйымдардың қызметіндегі тәжірибелік және теориялық қырлары, халықаралық жағдайға маңызды ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар, қазіргі кезеңдегі әлемнің ғаламдық мәселелері саналады.
Ғылыми-педагогикалық құрамы
Құқықтану, халықаралық қатынастар, саясаттану салаларында ғылыми-педагогикалық қызметпен жүзден астам кәсіби деңгейі жоғары оқытушылар айналысады, оның ішінде 10 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаттары және доценттер бар.
Ғылыми – педагогикалық мамандардың жоғарғы кәсіби деңгейі халықаралық деңгейдегі мамандар дайындауға мүмкіндік беріп отыр. Пәндерді оқытудың сапасын көтеруге Мәскеу, Ташкент қалаларының танымал орталықтарының оқытушыларын тарту дәстүрі қалыптасқан. Ресей Федерациясы азаматы, РФ СІМ жанындағы Дипломатиялық академия профессоры саяси ғылымдар докторы Рудов Г.А. қызмет атқарады.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына кеңес беру мен дәріс оқу үшін Ресей Федерациясының жазаларды орындау Федералдық қызметінің Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері з.ғ.д., профессор Горяинов К.К.
РФ жазаларды орындау Академиясының профессоры з.ғ.д Ю.А.Кашуба сияқты мамандар шақырылған.
Оқу үрдісін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында факультет төмендегідей шараларды жүргізіп отыр:
- Кәсіби деңгейі жоғары, танымал мамандарды оқу үрдісіне тарту;
- басқарудың әдістері мен түрлерін білім беру сапасымен жетілдіру;
- сапа саласында қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және жұмыс сапасын көтеруге мотивациялау (ынталандыру);
- заманауи білім беру технологияларының трансферті, шет елдік және отандық инвестициялар (салынымдар) үшін мамандықтың тартымдылық деңгейін көтеру;
- білім беру процесінің барлық кезеңінде тұрақты бақылау жасау;
- Кафедралар шет ел жетекші оқу мекемелерімен бірлесіп ғылыми жобаларды атқаруды жолға қойған. Факультет Ультрех университетімен (Голландия), Ресей Федерациясы СІМ Дипломатиялық Академиясымен, ӨР ҒА Шығыстану институтымен, М.Ломоносов атындағы ММУ, Г. Сковород атындағы БелМУ (Минск), ӨР ҒА Философия институтымен тығыз байланыс орнатқан
Студенттік өмір
Факультет қазіргі таңда құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ірі ғылыми - әдістемелік орталық болып табылады.
«Заң» факультетінде оқытудың білім беру, тәрбиелеу мен дамыту қызметтерінің бірлігі, оқытудағы дәйектілік пен жүйелілігі, білім беру қорларының қолайлылығы, гуманистік сипат және оқыту мен білім беру процесінің жеке тұлғаға бағытталуы, білім алушылардың жекеленген шығармашылығын көрсетуі және дамытуы, білімді меңгеріп алуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауы принциптеріне негізделген.
Профессорлық-оқытушылар құрамы дайындаған оқу-әдістемелік материалдар және оқу құралдары, аудио-видео және мультимедиялық курстар оқытудың ерекшеліктеріне негізделген. Мамандықтар бойынша студенттерге университет кітапханаларында, компьтерлік сыныптарда жұмыс жүргізуге жағдай жасалынған. Интернет, қазіргі таңдағы оқыту технологиясы, тілдік аудио және видео курстар оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Факультетте студенттердің көп тілді меңгеруіне жағдай жасалынып, университеттің Лингвистикалық орталығымен тығыз байланыста оқу сапасын жақсарту мақсатында, ағылшын, араб, корей, неміс, француз, қытай тілдері оқытылады. Кредиттік оқыту технологияларына байланысты студенттерді оқыту барысында интерактивті әдістер және инновациялық озық ойлар қолданылады.
Біздің түлектер
Факультет түлектері шет тілдерін меңгерген, жоғары білімді мамандар. Халықаралық қатынастар бойынша аталған маман иелері мемлекетіміздің түрлі халықаралық байланыс орындарында, атап айтқанда Сыртқы Істер Министрліктерінде, дипломатиялық корпустарда, елшіліктерде, халықаралық кәсіпорындар мен транс ұлттық корпорацияларда, әкімшіктерде, түрлі фирмалардың сыртқы байланыс бөлімдерінде қызмет етуде.. Ал "Құқықтану" мамандығы бойынша 1000 астам түлектер ҚР аймақтарында құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда. 20 дан астам түлекетр ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуда.
Бірқатар студенттер Польша,Түркия, АҚШ, Англия елдерінде магистратурада оқуын жалғастыруда. Біздің түлектердің ішінде халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері де жетерлік.
«Заң» факультетіедегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы.
Факультеттегі академиялық ұтқарлық бағдарламасы ҚР жоғарғы оқу орындарында оқытылатын академиялық ұтқырлық концепциясына сай жүзеге асырылады (19.01.2011 ж. БҒМ ҚР Коллегиясының жалпылама ректорлар жиналысында қаралып, мақұлданған).
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан студенттер туралы мәліметтер (2017-2018):
|
1.
|
Енлиханулы Ерсултан
|
5В030100- Құқықтану
|
«Қылмыстық құқық және криминология» зав.каф. Ақшатаева Ж.Б.
|
Лодзь (Польша) университеті
|
2.
|
Досымов Расул Алимулы
|
5В011500 - "Құқық және экономика негіздері"
|
«Мемлекет және құқық теориясы» зав.каф. Нуртазин Е.К.
|
Лодзь (Польша) университеті
|
|
«Заң» факультетінде келесідей екі дипломды бағдарламалар жүзеге асырылады:
- «Құқықтану» бағыты бойынша («Халықаралық қатынастар» бағдарламасы) РУДН-мен (РФ. Мәскеу қ.) және МГИМО МИД Р (РФ. Мәскеу қ.).
- «Халықаралық қатынас/ Саясаттану» бағыты бойынша («Әлемдік саясат» бағдарламасы) РУДН-мен (РФ. Мәскеу қ.) және МГИМО МИД Р (РФ. Мәскеу қ.).\
Екі жақты диплом бағдарламасы бойынша білім алғандар туралы мәлімет:
№
|
Оқу жылы
|
Бағдарлама
|
Студент
АТӘ
|
Мамандығы
|
Кафедра
|
Оқу орны
|
1
|
2017-2018 оқу жылы
|
Әлемдік саясат
|
Гаспарян Карен Альбертович
|
6М050200 - «Саясаттану»
|
«Философия және мәдениеттану» зав.каф. Жумабеков М.У.
|
РУДН
(г.Москва, РФ)
|
2 |
China Scholarship Cfrusil |
Арипова Хамида |
"Халықаралық қатынас" |
"Халықаралық қатынас және кеден ісі" зав.каф. Мамашарипова Г.А. |
Харбинский политехнический институт (Харбин, Қытай) |
Екі жақты диплом бағдарламасы бойынша 2016-2018 оқу жылдарында білім алушы "6М050200-Саясаттану" мамандығы бойынша Данисов Нурсултан Пернебайулы және "6М030100 - Құқықтану" мамандығы бойынша Жайлауова Арасель Сакенқызы МГИМО МИД РФ (Мәскеу қаласы, РФ) 2016-2017 оқу жылында білім алып келген магистранттар 2018 жылы қорғауға шыгып, дипломдарын алды.
Студенттер тәжірибеден өту базалары
Студенттердің тәжірибесі алдын-ала жасалған келісім негізінде келесі мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі
Түркістан Облыстық прокуратурасы
Шымкент қалалық прокуратурасы
Түркістан облыстық полиция департаменті
Шымкент қалалық полиция департаменті
Түркістан облыстық соты
Шымкент қалалық соты
Түркістан облыстық Әділет Департаменті
Шымкент қалалық Әділет Департаменті
Түркістан облыстық Кеден Департаменті
Шымкент қалалық Кеден Департаменті
Түркістан облыстық әкімшілігі
Шымкент қалалық әкімшілігі
Түркістан облыстық Адвокаттар алқасы
Шымкент қалалық Адвокаттар алқасы
ҚР Сыртқы Істер Министрлігі
Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы