Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу
- Парақтар kz
- Қаралды: 3194
Мекен-жай: Шымкент қаласы , Тәуке-хан даңғылы 5 ,бас ғимарат , 161 кабинет
Телефон: 8(7252)30-09-75
E-mail:
Жалпы мәліметтер , кафедра тарихы
«Азаматтық құқық» кафедрасы 2003 жылы құрылған болатын және кафедра меңгерушісінің лауазымына з.ғ.к., доцент З.С.Төлеген тағайындалған болатын. 2007 жылының тамыз айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне з.ғ.к. А.А. Исмаилов тағайындалды. 2009 жылының тамыз айынан «Азаматтық құқық» және «Кеден құқығы» кафедраларының бірігуіне байланысты «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасы құрылды және кафедра меңгерушісі ретінде з.ғ.к., доцент Д.Б.Назарбекова тағайындалды.
2010 жылдың тамыз айында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде кафедралар қайта құрылды. «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасының бөліну нәтижесінде «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасы құрылып, сол кезден осы уақытқа дейін кафедраға жетекшілікті М.Ә.Елікбай жүзеге асыруда.
Кафедраның оқытушылар-профессорлар құрамына жатады: з.ғ.к., қоғамдастырылған профессор Ж.Қ.Орынтаев, з.ғ.к., қоғамдастырылған профессор С.Т. Есимкулов, 6 ғылым кандидаттары - з.ғ.к., доцент А.Е. Есеналиев, з.ғ.к. Ж.С. Калканова, з.ғ.к. Г.Р. Рахметова, з.ғ.к. С.О. Куанышбаева, п.ғ.к. З.Е. Паметов, з.ғ.к. А.А. Нурымбетов, з.ғ.к. А.А. Исмаилов; аға оқытушы Л.Қ.Омарбаева; 13 құқық магистрлері - Жаксыбаева А.Е., П.Т. Есенбекова, Н.М.Салыбек, Р.Ж.Тоханова, М.Н.Мамаева, М.Т. Блашева, М.А.Сарсенова, Г.Ш.Аталыкова, Н.И..Аллаярова, А.Д. Шералиева, Байконакова Б.С., Сартаева Ш.Ш. және Жайлауова Г.М.
«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының басты мақсаты мен бағыты: 6В04210-Құқықтану, 7М074216-Ғылыми азаматтық құқықтық әрекеттер(магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы пәндері бойынша алынған білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйрету. Кафедра оқытушылар құрамының негізгі мақсаты туындайтын мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар білікті заңгерлерді дайындау.
Университет бітірерде құқық бакалавры академиялық дәрежесін алған, «Заң» факультетінің бітірушілері өз еңбек қызметін келесі мамандықтар бойынша жүзеге асыра алады:құқық қорғау органдарында, заңгер-кеңесші, адвокат, нотариус, сот орындаушысы, судья, прокурор және т.б.
Жұмыс бағыты
Кафедра оқытушылары әр түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын дайындайды, оқу бағдарламаларына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді жүргізеді, семинарлық (практикалық) сабақтарын жүргізуге, білім алушылардың өзіндік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар жасайды.
Оқытушылар кафедраның жұмысын жетілдіру мақсатында, қызмет ету бағытына сай мәселелерді қарастырып, оның шешімін табуға әрекет етеді.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде дәріс беру түрлеріне кешенді тұрғыдан қарау жүргізіледі. Оқытушылардың білім алушылармен бірлесе отырып ғылыми-іздену жұмыстарына, ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысу жүзеге асырады.
Кафедраның оқытушылар-профессор құрамы білім алушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын жоғарлату үшін әр түрлі тақырыптарда конференциялар өткізеді, сонымен қатар, осы бағытта жұмыс жүргізу үшін «Әділет» студенттік ғылыми үйірме құрылып, жұмыс жасауда.
Топ студенттерінің тәрбие және оқу жұмыстарына жетекшілік жасалуда. Студенттерде Отан сүйгіштік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін оятуға, Ұлы Отан және басқа да соғыс ардагерлеріне деген кұрметті күшейту, діни толеранттылықтың, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани-адамгершілік тәрбиеге баулу бойынша жұмыс жасайды.
Тәрбие жұмыстары
Патриотизмді дамыту Ұлы Отан, ауған соғыстарының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру, Отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді студенттердің бойына сіңіру.
Қазақстандық құқықтық мәдениет. Студенттерді құқықтық тәрбиелеу, ішімдікпен темекі, нашақорлық пен нәпсі құмарлық сияқты жаман әдеттерден бойды аулақ ұстауға үйрету.
Рухани ұлттық тәрбие Ата – бабамыздың салып кеткен сара да дара жолын ұстанып , болашаққа сенімді қадам бастау үшін жас ұрпақ санасына ұлттық үрдісті сіңіру. Студенттердің ғылыми зертеуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кафедраның оқытушы құрамының жетекшілігімен әртүрлі өзекті тақырыптарда студенттік канференцияларды жылына 2 рет өткізіп тұрады. Жас ғылыми ізденушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелерді кафедраға келіп талқылай алады. Сонымен қатар , студенттердің өздері оқып жатқан университетінің аумағында тазалықты сақтау мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып , факультет басшыларының жетекшілігімен өткізіледі. Бұл қоғамдық іс-шарада оқушылыармен студенттер “Заң” факультетіне қарасты берілген территорияларды яғни университетіміздің алдыңғы аумағын алып жатқан жерлерді толыққанды қоқыстан тазалау және дұрыс қалыпқа келтіру сияқты көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл сенбілік жұмыстары жалпылама факультет студенттің қандайда болмасын қоғамдық жұмыста болмасын белсенділігін , рухани патриоттық бірлігін жоғары деңгейде көрсетті. Оқу жылынын басында кафедра оқытушыларына тәлімгерлік топтар бекітіледі.
Жыл басында тәрбие жұмысы негізінен ұйымдастыру сипатында болады.Оқу жылында тәлімгерлермен білім беру, демократияны дамыту, жастар саясатын жүзеге асыру салаларында мемлекеттік саясат басымдықтарын үгіттеуге бағыттауға шаралар жүргізіледі. Кафедрада бірінші курсттың тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі. Бірінші курс тәлімгер ретінде тәжірбиелі оқытушы бекітіледі. Тәлімгерлік сағат отырыстарында заманауи өзекті экономикалық, құқықтық мәелелер талқыға түседі. Студенттер кафедраның, факультеттің және университеттің өміріне белсенді қатысады.
Кәсіби бағдар беру жұмысы
Кәсіби бағдар беру жұмысы- бұл кафедраның атқаратын маңызды қызмет бағыты. Кәсіби бағдар беру жұмысы оқытушылармен мектеп, колледж және басқа да білім мекемелерінде жүргізіледі, оның негізгі мақсаты мамандықты дұрыс таңдауға көмек беру. Кәсіби бағдар беру жұмысы болашақ мамандықты таңдауда жеке талаптар тұрғысынан қарай отырып, кәсіби бағдар беріп, құқық салаларын тереңінен оқуға қызығушылығын ояту болып табылады.