Кафедра меңгерушісі                                             Имашев Ботабек Есенбекович                        заң ғылымдарының кандидаты, доцент.    

Мекен жайы: Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 5.
Тел: 30-13-78
Еmail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 
      Жалпы мәліметтер

«Қылмыстық құқық және криминология»  және «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедралары 2020 жылы 19 қазанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасы болып құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекттік лицензиясына сәйкес, кафедра шет тілдерді меңгерген заманның өзгермелі жағдайларына тез және оң әрекет ететін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасы  ғылыми – педагогикалық кадрлармен  жасақталған, соның ішінде: кафедрада оқытушылар саны – 19, оның 1 – заң ғылымының докторы, профессор; 2-з.ғ.к., қауымдастырылған профессор; 7-доцент;  2 – заң ғылымдарының кандидаты; 6 – аға оқытушы, 1 – оқытушы бар. Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты - қылмыстық құқық және қылмыстық процесс саласы бойынша мамандықта білім алып жатқан студенттерге құқықтық сала жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы, әрбір азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып қылмыстарды алдын алу, оларды тез және толық ашу, қорғау ерекшелігін ашып көрсету, тиісті нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істей білу және оны іс жүзінде, өмірде  дұрыс қолдана білуге үйрету болып келеді. Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы заң саласы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге сабақтар жүргізумен қатар, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты айналысады, халықаралық, республикалық және университет деңгейіндегі ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, мәдени және мерекелік іс-шараларға қатысып өз үлестерін қосуда.

   Кафедра профессор-оқытушыларының басты мақсаты -  Қазақстанның құқықтық мемлекет негізінің нығайтуға тек қана білікті маман ретінде өз үлесін қосумен қатар, білікті мамандар даярлау болып табылады. Студенттер оқу үрдісі кезінде мемлекет және құқық теориясы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқықтың отандық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, экологиялық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, кеден құқығы, шетелдердің конституциялық құқығы, криминология, прокурорлық қадағалау, құқықтық статистика негіздері, кәсіпкерлік құқық, отбасы  құқығы, басқа да құқықтық пәндер, сонымен қатар шет тілі, логика, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және мамандандыру шеңберінде құқықтық білімді жеке сала бойынша тереңдетіп оқудың түрлі курстарын оқып үйренеді.

   Жұмыс бағыты

 Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
-Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;
-Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
-Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
-Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

  Оқу үрдісіндегі инновациялық технологиялар

Кешкі және қашықтықтан білім беру факультетінде оқып жұмыспен қамтылған студенттер үшін ыңғайландырып Прометей жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілген. Ол жүйе арқылы студенттер жұмыстарынан қол үзбей-ақ дәріс алып, курс соңынан     сынақ-емтихан сессияларын тапсыру мүмкіндіктері берілген. Қылмыстық-құқықтық пәндер циклын оқып үйренуде белсенді түрде талдау, кейс-стади, рольдік ойындар, миға шабуыл әдістері кеңінен қолданылады. Оқу үрдісі ұйымдастырылуы бойынша барлық оқып білім алушыларды іс жүзінде танымдық үрдісте қамтиды, олар жаңа білімдерді ұғынып және қолдануға мүмкіндік алады. Оқушылардың танымдық үрдістегі біріккен әрекеттері, оқу материалын игеруі, әрбірі өзінің ерекше үлесін қосады, білімдермен, идеялармен, әдістермен алмасуы жүретіндігін білдіреді. «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасында оқытылатын арнайы пәндердің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты арнайы жабдықталған криминалистикалық кабинет жұмыс жасайды. Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу құқығы пәндер циклын оқу барысында белсенді түрде ситуациялық талдау, кейс-стадилар, рөлдік ойындар пайдаланылады.

 Тәрбие  жұмысы

Тәрбие жұмысы кафедраның білім беру қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып келеді және оқу жұмысы барысында және де оқудан тыс уақытта үздіксіз жүзеге асырылады. Факультетте тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу «Жоғары және жоо-нан кейінгі кәсіби білім беру туралы» Заңның талаптарының негізделе, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдеріне, жоо-ң жергілікті  нормативтік-әдістемелік актілеріне сәйкес жасалады. Тәрбие қызметін тікелей ұйымдастыру тәрбие жөніндегі проректормен жүзеге асырылады.

 Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми конференциялар әріптестердің тәжірибемен алмасуы, жалпы мәселелер мен олардың шешімдерін жасау үшін жиналған шаралар. Осындай жиналыстар қылмыстық құқық  заңнамасының мәселелері мен ғылымына өздерін арнаған жас мамандарға қаншама тиімді екендігін жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып талдауға болады. Өткізіліп жатқан конференцияларда баяндамалардың мазмұны жас ғалымдар мен студенттердің құқық қолдану тәжірибесін бағалау бағытындағы білімдері жеткілікті деңгейде екендігін көрсетеді. Пікір-сайыстар бойынша жас буын құқықтық мәселелердің маңызына белсенді көңіл бөлуде, және де оларың шешімдерін қабылдауға байланысты кемшіліктер туралы өздерінің пікірлері бар екендігін көрсетті. Конференцияларға студенттердің көптеген құрамын тарту мақсатында кафедра жас ғалымдарды қылмыстық-құқықтық ғылымның өзекті мәселелері бойынша толғандыратын ғылыми конференцияларды жылына екі рет ұйымдастырады.

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзі қалайтын тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының дамыту міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жұмысы Шымкент қаласы және облыс мектептерінде өткізіледі.  Мектептердің бітіруші түлектерімен кездесу барысында біздің оқытушылар барлық мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары туралы, шығармашылық мамандықтар бойынша қабылдау ережелері мен емтихандарды тапсыру туралы түсідірулерді жүргізіп М. Әуезов атындағы ОҚУ туралы толық ақпаратты береді. Ақпараттық буклеттер, плакаттар  тарқатылады, және де абитуриенттер үшін кеңес беру өткізудің уақыты мен күндері хабарланады.

 Студенттік өмір

Студенттер толыққанды белсенді өмір сүруде және жалпы жоо-ғы барлық жұмыстарға студенттік өзін-өзі басқару және қоғамдық деканаттар арқылы қатысуда, М.Әуезов атындағы  ОҚУ жанындағы студенттер Кеңесінде өздерінің тұрақты өкілдері бар. Студенттердің қарамағында – түрлі жастар клубтары, «Фемида» студенттік ғылыми қоғамы, спорт секциялары, КТК клубы және т.б. бар. Студенттер қалалық және республикалық түрлі КТК сияқты, олимпиадаларда,  конкурстарға қатысады. Кафедрада дәстүрлі түрде Түркістан облысы құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатылған.Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы ОҚУ бас ғимаратында сот мәжілісінің залы ашылған. Оның мақсаты  Шымкенттегі сот процесі мен отырыстарын, ойындық үрдістерін  ашық түрде өткізу болып келеді. М.Әуезов атындағы ОҚУ-і «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының студенттері қалалық және облыстық мәдени іс-шараларға қатысады.

 Бітіруші түлектер ушін

Мамандығы: құқықтану бакалавры.
Бітірушілердің кәсіби қызметі: құқық қолданушы тәжірибе – тергеу, жедел-іздестіру, адвокаттық, атқарушы-өндірістік, нотариалдық-куәландырушы.
Бітірушілердің қызмет ету саласы:

  • Құқық қорғау органдары
  • Сот орындаушылары органы
  • прокуратура
  • нотариат
  • адвокатура
  • кез келген мекемеде заң кеңесшісі ретінде
  • кәсіби қызмет аясы:
  • мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқығы және ботандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
  • кәсіби қызмет аясы обьектілері:
  • Құқық қорғау органдары
  • Мемлекеттік басқару аясындағы сот орындаушылары органы
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер
  • адвокатура
  • банктер
  • сақтандыру және аудиторлық компаниялар
  • білім беру ұйымдары

  Магистратура жұмысы бойынша

Факультет бітірушілері өз білімдерін магистратурада жетілдіруге мүмкіндіктері бар. М.Әуезов атындағы ОҚУ магистратурасы 2008 жылы ашылған, бүгінгі күнде университетте 7М04210 – Құқықтану мамандығы бойынша 170 магистрлер даярлап шығарылды. ОҚУ-дың магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша екі бағытта жүзеге асырылады және магистратура түлектерінің болашақта ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналыса алатын тереңдетілген арнайы кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің магистратурасында білім алу магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен тәжірибенің маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Университет магистратураның оқу бағдарламаларын шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады. ОҚУ-дің магистранттары үшін жыл сайын шет елдерден шақырылған ғалым профессорлар дәріс береді, университеттің жан-жақты халықаралық байланыстары арқасында, ОҚУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында білім алуларына және тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.  


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz

Please publish modules in offcanvas position.